Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті

Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафеддрасының ұйымдастыруымен көсемсөз зергері А.Байтұрсыновтың туған күніне орай «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты апталық өтті.

Апталық аясында бірнеше іс-шаралар өткізіліп, студенттер белсене қатысты. Сонымен қатар қорытынды кеште топтар арасында интелектуалды сайыс өткен болатын. Тартысты додада филологтар жеңіске жетсе, әдебиетшілер ІІ орынға табан тіреді. Ал қалам мен қағазды жанына серік еткен журналистер, ерекше дарынымен ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

JoomShaper