Латын әліпбиіне көшу мәселелері талқыланды

13 қыркүйек күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мен журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Тіл - қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешовпен кездесу өтті.

Кездесуде Ербол Ерденбекұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу бастамасы бойынга пікірін білдірді.
- Латын графикасына байланысты нақты қадамдардың қазір басталуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, Қазақстан 25 жылда тәуелсіз республика ретінде толыққанды қалыптасу кезеңінен өтті. Әлемдік байланыстары орнығып, экономикалық негізі қаланды. Әлеуметтік құрылымы жасалды. Демек, мәдени, гуманитарлық салаға да бетбұрыс жасайтын уақыт жетті. Екіншіден, өз алдымызға дербес ту тіккен 25 жыл біздің әрі қарай кирилл әліпбиінде қала алмайтынымызды көрсетті. Себебі, кирилл таңбасы біздің жазуымызға да, емлемізге де икемсіз. Терминдердің орыс тілінде жазылып, орысша қабылдануы ¬- орыс тілінің түсініктік аппаратының қазақ тіліне кірігуіне алып келді. Үшіншіден, кирилл әліпбиінде қалу арқылы, әлемдік технологияға ілесе алмайтындығымыз да байқалып қалды. Төртіншіден, қазір әлемде 200 миллионға жуық түркі халқы бар десек, ортақ кеңістік қалыптастыру мәселесі өткір тұр. Осы жағдайларды саралай келе, латын қарпіне көшу мәселесі көтеріліп отыр,- деді.
Жиын барысында студент жастар тарапынан сауалдар койылып, өзара пікір алмасу сағаты жалғасты.

JoomShaper