Профессор ғылыми атағымен құттықтаймыз!

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Аппазов Нұрбол Орынбасарұлына ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №1496 бұйрығы негізінде 02.00.00 – Химия мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Университетімізде жаңа мазмұндағы алғашқы профессор атанған Нұрбол Орынбасарұлын құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылығына жаңа табыстар, қызметінде жарқын жетістіктер тілейміз!

JoomShaper