Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылғы 28 тамызда Қызылорда облысының әкімдігі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудың құқықтық негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысын Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты  Н.С.Байқадамов ашты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Т.Кесебаева, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің басшысы, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Е.Сапаров сөз сөйледі.
Конференция жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекетттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А. Бисенов, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Т.Маханов, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары М.А.Асанова, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Н.С.Тұрғанбай, Қызылорда облысының Нотариаттық палатасы төрайымының орынбасары Б.И.Бекетова, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының өкілдері және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессор-оқытушы құрамы қатысты.
Конференция аясында ғылыми-техникалық кітапхананың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясы қалыптасуының негізгі белестері», «Ата Заң - барша заңымыздың темірқазығы», «Қылмыстық құқық ізгілігінің конституциялық негіздері», «Конституция – қазақстандық патриотизм іргетасы», «Қызылорда облыстық прокуратура органының 2018 жылдың І жартыжылдығында азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау бойынша атқарған жұмыстары туралы», «Нотариат – азаматтардың конституциялық құқықтары күзетінде», «Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде демократиялық қоғам қалыптасуының кепілі» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.
Конференция соңында Қызылорда облыстық Әділет департаментінің басшысы Қ.Е.Сапаров Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай заңгерлерді марапаттау рәсімін өткізді.

JoomShaper