"ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА" АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

  4 шілде 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

  Оған Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.С.Байқадамов, университет ректоры т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар және БАҚ өкілдері қатыcты. Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов ашты.
  Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы Мұрат Бақтиярұлы «Астана – тәуелсіздігіміздің символы», Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің бас редкаторы, ҚР Журналистер академиясының академигі Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп «Елбасы жобасы – Елдіктің ордасы», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Яхияұлы Сәтбай «Астана – саяси ұлт қалыптасуының ұйытқысы», физика-математика ғылымдарының кандидаты Еркін Қуанышбекұлы Ақтаев «Астана – қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің орталығы», химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Орынбасарұлы Аппазов «EXPO-2017 – жарқын болашақтың жаңа мүмкіндігі», дінтану магистрі Әлібек Бақытханұлы Жаппасбаев «Астана – бейбітшілік пен келісім алаңы» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
  Қорытындысында қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, сауалдарға жауап берілді.

JoomShaper