Жаратылыстану факультетінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру кеші өтті

26 маусым 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Жаратылыстану факультетінің бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты кешке университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар, бітіруші түлектер, ата -аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Биыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін магистратура бойынша - 158, бакалавриат бойынша - 954 білім алушы бітірді. Оның ішінде Жаратылыстану факультетін 94 бакалавр, 18 магистр оқу орнын аяқтады. Ал 14 бітіруші түлек оқуларын үздік дипломмен тәмамдады.

JoomShaper