Сапа менеджменті жүйесіне инспекциялық аудит

2016 жылдың 20-22 маусымында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа менеджменті жүйесінің ГОСТ Р ИСО 9001-2015 (ISO 9001:2015) білім саласындағы қызметте қолдану талаптарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында инспекциялық бақылау өткізілді.

Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы - Потапейко С.И., ГОСТ Р (РОСС RU.0001.33012422) сертификаттау Жүйесіндегі сапа жүйесін сертификаттау бойынша бас сарапшы;
Комиссия мүшесі - Кудияров Р.И., Қазақстан Республикасы (KZ. 00000.08.00.01134) сапа менеджменті жүйесіне сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізу бойынша аудитор-сарапшы.
Тексеру нысандары университеттің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде ғылым департаменті, халықаралық байланыстар бөлімі, ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасы, «Business-START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы, «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару», «Биология, география және химия», «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедралары болды.
Комиссия Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң сапа менеджменті жүйесі білім саласындағы қызметте қолдануға болады, ГОСТ Р ИСО 9001-2015 (ISO 9001:2015) талаптарына сәйкестігі жалғасуда деген тұжырымға келді.
«Техцентр-Регистр» ОС СМК-не Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не білім саласындағы қызметте қолдануға берілген 6.07.2017 жылғы № № РОСС KZ.СК05.К00075 сапа менеджментіне сәйкестік сертификатының әрекетінрастауға ұсыныс жасалды.
Университет ұжымын инспекциялық аудиттен сәтті өтуімен құттықтаймыз!

JoomShaper