Оқытушылар біліктілікті арттыру курсынан өтті

2018 жылғы 28 мамыры мен 9 маусым аралығында «Жаңартылған мазмұны аясында жоғары оқу орындарында білім берудің заманауи педагогикалық технологиялары» бағдарламасы бойынша 240 сағат көлемінде Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандықтардың оқытушыларына біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың соңында тыңдаушылар сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құрып, қорғады. Қорғау кезінде тыңдаушылар оқу үрдісінде алған білімдері мен дағдыларын көрсете алды.

Курсты жүргізген тренерлер: Сардарова Жаннат Исмагуловна – педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі кафедрасының доценті және Байконыс Айдар – магистр, жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы . Курс соңында 30 оқытушыға сертификаттар тапсырылды.

JoomShaper