Экология саласының маманы марапатталды

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының көп жылдан бері Экология саласында білім беріп, маман дайындауға атсалысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келе жатқан маман еңбегі бағаланды.

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш.Аскарова Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің акт залында өткен мерекелік іс-шарада «ЭКО-ҚАМҚОР БОЛАШАҚ» қоғамдық бірлестігі атынан «30-жылдық мерекелік медалімен» марапатталды.
Марапаттау барысында «ЭКО-ҚАМҚОР БОЛАШАҚ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұсабаев Ибрайхан Мұсабайұлы Г.Ш.Аскарованың өңіріміздің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, көп жылдан бері адал еңбек етіп келе жатқанын және жаңашылдығын айта келе еңбегіне жеміс, жанұясына амандық тіледі.
Сондай-ақ, «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш.Аскарова Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен облыстық мерекелік іс-шарада Аймақтың экологиялық ахуалының жақсаруына қосқан елеулі үлесі үшін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

JoomShaper