Тәлімі мол кездесу өтті

2018 жылдың 7- маусым күні жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің топ тәлімгерлері мен бөлім тыңдаушыларының «Діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында Қызылорда облыстық дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, «Алдажар» мешітінің бас имамы Абенов Жақсыбек Әбиұлымен кездесуі өтті.

Кездесуді ұйымдастырудың мақсаты – қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру.
Дін өкілі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында бөлім тыңдаушылары бірнеше сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды.

JoomShaper