«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбында өткізілген айлық шаралар қорытындыланды

2018 жылдың 30 мамыры күні «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуына арналған «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты айлық шаралардың жабылу салтанаты болып өтті.

Айлық шаралардың жабылуы салтанатын кафедраның оқытушысы ж.ғ.м. Д.Д.Орынбеков жүргізді.
Жүргізуші Д.Д.Орынбеков Айлық шаралардың жабылу салтанатын ашып беру үшін алғашқы сөзді «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Л.А.Жусуповаға берді.
Л.А.Жусупова өз сөзінде кафедраның құрылу тарихы, кафедра мамандықтары, кафедраның қазіргі мүмкіндіктері мен болашағы туралы қысқаша әңгімелеп, іс-шараға қатысуға келген қонақтарды «Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуы» мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі...
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты айлық шаралар аясында бірнеше іс-шара жоспарланған болатын. Айлық шаралар барысында атқарылған жұмыстармен таныстыру үшін «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш.Аскарова іс-шараның барлық кезеңдері келтірілген арнайы дайындалған слайдпен баяндама жасады, атап айтқанда
03.05. «Арал өңірінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында Ашық лекция оқылды;
04.05. «Бәсекеге қабілетті мамандықты таңдай білейік, Жас Дос!» атты Ашық есік күні өткізілді;
10.05. «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы болып өтті;
14.05. «Қызықты экология» тақырыбында интеллектуалды шоу;
15.05. «Табиғат-тіршіліктің нәрі» тақырыбында өлең оқу сайысы болып өтті;
22.05-23.05. аралығында Қызылорда қаласының ЖОО мен колледж студенттері арасында қалалық деңгейде Экологиялық олимпиада өткізілді.
Экологиялық олимпиаданың қорытындысын айлық шаралардың жабылу салтанатында жариялауға шешім қабылданған болатын.
Салтанат барысында ең алдымен іс-шараны өткізуге белсене қатысқан «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері инженерлі-экологиялық факультетінің деканы б.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Б.Б.Абжалеловтың Алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Келесі кезекте «Табиғат – тіршіліктің нәрі» тақырыбында өлеңдер оқу сайысына қатысып І орын жеңіп алған ХТН-17-1 оқу тобының студенті Серікбекова Зарема, ІІ орын жеңіп алған Э-17-1 оқу тобының студенті Рзақұл Нұрайым, Э-15-1 оқу тобының студенті оспан Әйгерім және ІІІ орын жеңіп алған ХТН-16-1 оқу тобының студенті Нұртаева Жанна мен Э-16-1 оқу тобының студенті Әбжәми Ақерке, сонымен қатар, «Қызықты экология» интеллектуалды шоуына белсене қатысқан барлық студенттер инженерлі-экологиялық факультеті деканының Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айлық шараның жабылу салтанатында іс-шараны ұйымдастыруға белсене араласқан барлық оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор т.ғ.к., доцент А.Т.Жүнісовтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Айлық шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының 1 курс магистранттары «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.А.Назаровтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Алғыс хаттарды табыстау үшін сектор меңгерушісі Мамбетов А.Р. арнайы келді. Қорытынды іс-шара Қызылорда қаласы ЖОО-ы мен колледж студенттері арасында өткен Экологиялық олимпиада нәтижелерін жариялаумен жалғасты. Олимпиада жеңімпаздары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор т.ғ.к., доцент А.Т.Жүнісовтың Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан студенттердің жетекші мұғалімдері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор т.ғ.к., доцент А.Т.Жүнісовтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатқа қатысушылар жастарды табиғатты сүюге, ұлтын, елін және бірін-бірі құрметтеуге үйрететін осындай кең мағыналы, тәрбиелік мәні зор іс-шараларды жиі өткізіп тұруға ұсыныс білдірді. Марапаттау салтанаты соңында «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушы-профессорлары мен кафедраның белсенді студенттері естелік суретке түсті.

JoomShaper