Қалалық деңгейде экологиялық олимпиада өткізілді

2018 жылдың мамыр айының 22-23 күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Инженерлі-экологиялық» факультеті, «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуына арналған айлық шаралар аясында Қызылорда қаласындағы жоғарғы оқу орындары мен колледж білім алушылары арасында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбымен экологиялық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі, Болашақ университеті колледжі мекемесі, Ақмешіт колледжі білім алушылары мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы студенттері мен «Экология» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты.
Олимпиаданы «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Г.Ш. Асқарова ашып берді.
Г.Ш.Асқарова бұл шараның негізгі мақсаты жастарды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу екенін айта келіп, олимпиаданың шарттарымен таныстырып өтті.
Олимпиадада екі тур қарастырылған. Бірінші тур екі кезеңнен тұрады. Олимпиаданың бірінші турының І кезеңінде қатысушылар 25 сұрақтан тұратын экологиялық тест тапсырады. Тест тапсырмаларын орындауға барлығы 50 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа «4» балл ескеріледі, нәтижесінде студент максимум 100 балл жинауы керек.
Олимпиаданың бірінші турының ІІ кезеңінде қатысушылар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында эссе жазды. Эссе шарттары жауап парағының бірінші бетінде көрсетілген. Студенттерге алдымен эссе шарттарымен танысуға уақыт беріледі. Сонан соң студенттер эссе жазуға кірісті.
Эсселер сайысы максимум 100 пайыздық шкаламен бағаланады.
Тест тапсырмаларын орындауға және эссе жазуға берілетін уақыт тақтаға жазылып қойылады, ұялы телефондарды пайдалануға тиым салынғаны комиссия тарапынан алдын ала ескертіліп, қадағаланды. Олимпиаданың екінші тұрында қатысушы студенттер өздерінің экология тақырыбында дайындаған видеороликтерін қорғады. Әр видеороликті қорғауға 10 минут уақыт берілді.
Олимпиада нәтижесі бойынша сарапшылар 3 эссеге «Үздік эссе», 3 видеоға «Үздік видео» номинацияларын, сонымен қатар, жалпы есеп бойынша 1 - бірінші орын, 2 - екінші орын және 3 - үшінші орын белгілеуі тиіс.
Сарапшылар «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушы-профессорларынан құралды: аға оқытушысы, т.ғ.к. Аскарова Г.Ш., аға оқытушы, х.ғ.к. Тоғызбаева Н.Ә., оқытушы ж.ғ.м. Шарипова А.Ж. және оқытушы, ж.ғ.м. Орынбеков Д.Д.
Видеороликтер сайысында ғаламтор желісінен алынған дайын видеороликпен және шығармашылық ізденіспен, өз бетінше сайысқа деп арнайы түсірілген видеороликтер де болды. Бағалау кезінде сарапшылар барлық видеоматериалдарды мұқият қайта көріп шықты.
Олимпиада қорытындысын шығаратын уақыт та келіп жетті. Қорытындыны шығару оңай болған жоқ, сайысқа қатысқан колледж студенттеріне экология мамандығының студенттерінен бөлек номинация мен орын берілетіні алдын ала ескерілген болатын.
Олимпиада нәтижесі «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы айлық шаралардың жабылу салтанатында жарияланды. Жабылу салтанаты 30 мамыр күні сағат 11.0-де Қорқыт Ата атындағы ҚМУ №5 оқу ғимаратының 205 аудиториясында болып өтті.
Жүзден жүйрік болған студенттер туралы сарапшылар марапаттау салтанатында жариялап, біраз студенттерге қуаныш сыйлады.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік эссе» номинациясын Абылайхан атындағы жоғары колледжінің студенті Маткарим Сұлушаш Қамбарбекқызы, Болашақ университеті колледжінің студенті Дәулетбай Толғанай, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі Тоқмырза Алия иеленді. «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша жүлделі орындарды жеңіп алған студенттер: Исламханқызы Нұрай – М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, Әуелбеков Данияр Төребекұлы - Болашақ университеті колледжі және Өмірзақ Ақниет – М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі.
Олимпиаданың барлық талаптары мен шарттарын орындап, ең жүйрік студент боп алға шыққан Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің студенті Әуелбеков Данияр Төребекұлы болды. Әуелбеков Д.Т. олимпиадада жалпы қорытынды бойынша 1 орынды жеңіп алды.
Барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, 2 орынды иеленген М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Байбосынова Альфинура Шаяхметовна мен Абылайхан атындағы жоғары колледжінің студенті Маткарим Сұлушаш Қамбарбекқызы болды.
Олимпиада барысында барлық берілген тапсырмаларды орындап, 3 орынды иеленген студенттер: М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Тоқмырза Алия; М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, Исламханқызы Нұрай және Болашақ университеті колледжі, Дәулетбай Толғанай.
Жүлделі орын алған студенттер алғыс хаттармен және бағалы сйылықтармен марапатталды. Экологиялық олимпиада нәтижелері бойынша 5В060800 – Экология мамандығының студенттері төмендегідей нәтижелер көрсетті. «Үздік эссе» номинациясын 3 студент жеңіп алды: 2 курс студенттері Дәулен Гүлнұр және Ерғазы Дәулет, 1 курс студенті Қаппар Ерғазы.
Марапаттау салтанатында олимпиадаға қатысқан студенттердің жетекшілері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Айлық шараның жабылу салтанаты музыкалық сәлемдемемен жалғасты. Салтанатқа қатысушылар естелік суретке түсті. Олимпиадада 1 орынды жеңіп алған Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің студенті Әуелбеков Д.Т.

JoomShaper