Кемел білім көкжиегі

2018 жылдың 23 мамыр айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы қорына Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» маңызды мақаласында атап көрсетілген «100 оқулық» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Аударма Бюросында аударылып жарыққа шыққан 18 жаңа оқулықтың үш мыңнан аса данасы келіп түсті.

Осыған орай кітапхана қызметкерлері көпшілікті жаңа оқулықтармен таныстыру жұмысын одан әрі жалғастыра бастады. Оқулықтарға арналған «Кемел білім көкжиегі» тақырыбындағы кітап көрмесі университеттің барлық оқу ғимартаттары және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапхана фоесіне де қойылды. Жаңа кітаптардың тұсау кесер іс-шарасына қатысқан университеттің оқытушы-профессорлар құрамы оқулықтардың жаңа гуманитарлық білімді жетілдірудегі құндылығын атай отырып, жастардың жаппай ғаламтор желісіндегі мәліметтермен шектеліп қалған уақытында мәңгі сарқылмас білім көзі кітапқа қайта мойын бұрып, әлемдік ілімнен нәр алуға мүмкіндік жасаған Елбасы бастамасына ризашылықтарын білдірісті. Кітап көрмесіне қатысқан оқытушылар, магистранттар мен студенттер жаңа оқулықтарға қызығушылық танытып, мамандардың әрбір оқулыққа берген сипаттамалары мен көзқарастарын зейін қоя тыңдады. Алдағы оқу жылының оқу бағдарламасына мамандықтар бойынша оқулықтар пайдаланылып, оқырмандар игілігіне айналатыны мәлімделді

JoomShaper