Жасампаз дәуір шежіресі

2018 жылдың 9 ақпаны күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» - «Эра независимости» кітабын талқылау бойынша «Жасампаз дәуірдің шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті.

Осы іс-шараға ғылыми-техникалық кітапхана «Тәуелсіздік энциклопедиясы» тақырыбына кітап көрмесін жасады. Дөңгелек үстел жұмысына университеттің оқытушы-профессорлары,магистранттары және студенттер қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы ф.ғ.д.профессор Б.Кәрібозұлы тарихи шежіреге жалпы сипаттама беріп тарихи құндылығын атап өтті. Дәуір шежіресі туралы өз пікірлерін баяндағандар: т.ғ.к. доцент С.Т.Тайман, ф.ғ.к.О.Бермаханов, т.ғ.к., профессор М.Ансатова, университеттің студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы т.б. Шығып сөйлеушілер тәуелсіздік жылдарындағы қиын да күрделі сәттеріміздің, жеңісті де жемісті күндеріміздің, айқын үдерістегі қалыптасу, өркендеу сатыларының, қазақстандық мемлекеттік құрылыс пен даму, татулық пен бірлік моделінің жан-жақты таразыланғанын, егжей-тегжейлі сарапталған шежіресі, деп көрсетті.

JoomShaper