Педагог-ардагерлермен кездесу

 

2018 жылдың 25 мамырда №1 оқу ғимаратында Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті мамандығының 1978 жылғы РЯЛ-214 топ түлектерімен кездесу мерекелік кеші өткізілді.

Кешті филология, тарих және құқық факультетінің деканы С.Т.Тайман ашып қонақтарды ұстаздық қызметке жолдама алғандарына 40 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, бұл педагог-ардагерлермен кездесу іс-шарасының Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойымен ұштастырылып отырғанын айтты.
Қонақтарға университет тарихы мен оның қазіргі жетістіктеріне мақтанышпен тоқтала отырып, педагог-ардагерлерге алдағы еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Мерекелік кешке орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен аталған мамандықта білім алып жатқан студенттер және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері де атсалысты. Педагог-ардагерлер ұйымдастырылған кеш туралы өздерінің алған әсерлерімен бөлісті әрі студенттік кездерінен естеліктер айтып, сол кездегі оқытушылар мен тәлімгерлерді мақтанышпен естеріне алды және болашақ ұстаздарға мамандық бойынша кәсіптерін игеруде мол жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.
Түлектер арасында еңбек ардагерлері, жоғары марапаттарға ие болған мұғалімдер, жоғары санатты ұстаздар болды. Солардың ішінде педагогика ғылымдарының докторы, университетіміздің профессоры Шарбан Мусабековна Майгельдиева да боғанын атап өткіміз келеді.
Педагог-ардагерлерге салтанатты түрде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Үздік түлек» төсбелгілері, университеттің 80-жылдығына арналған тарихи-естелік кітабы және гүлшоқтарын табысталды.
Өз кезегінде ардагер-түлектер кафедраға естелік сыйлады. Салтанатты кеш орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.

 

JoomShaper