Парасыз болашаққа бірге!

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасының қызметкерлері «Парасыз болашаққа бірге» акциясын өткізуде. Алғашқы күн кітапхана қорындағы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауындағы атап көрсетілген он бағыттардың бірі -Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі- тармағына байланысты әдебиеттермен таныстырудан басталды.

Аталмыш тақырып бойынша кітап көрмесі жасалып бірнеше оқулықтарға сипаттама берілді. Атап айтқанда: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы Заңы, заң ғылымдарының докторы, профессор «Е.О.Алаухановтың Сыбайлас жемкорлықпен күрес: теория және практика» (2009 «Заң әдебиеті»), Сьюзан Роуз-Аккерманның «Коррупция и государство»(2003, Москва: «Логос»), О.Ә. Әбдікәрімов, Б.З.Әшітов, Ғ.С.Мәуленов т.б. авторлардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық механизмдері және Қазақстанның ұлттық заңнамасында олардың импламентациялануы» т.б. көптеген оқулықтар мазмұны студенттерге кеңінен таныстырылды. «Е.О.Алаухановтың Сыбайлас жемкорлықпен күрес: теория және практика» оқулығы мемлекеттік тілде жарияланған, билік органдарындағы, мемлекеттік функцияларды орындауға өкілеттілігі бар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және олармен күресу көзделген заңнамаларды жетілдіру мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста қылмыстылықтың бұл түріне қылмыстық-құқықтық және кримонологиялық сипаттама беріледі. Бұл құбылыстың пайда болуына және таралуына себеп болған факторларды зерттеудің және халықаралық –құқықтық тәжірибенің негізінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіру жөнінде ұсыныс айтылады. «Парасыз болашаққа бірге!» акциясы өз жұмысын жалғастыруда.

JoomShaper