Ғалым Бауыржан Жақыппен әсерлі кездесу өтті

2018 жылғы 11 мамырында Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасына қарасты Ж-17-1 оқу тобы мен «Журналист» үйірмесінің ұйымдастыруымен белгілі ғалым, ақын, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Өміржанұлы Жақыппен әдеби-сазды кездесу кеші өтті.

Жиынға кафедраның оқытушылар құрамы мен журналистика мамандығының студенттері қатысты.
Кездесуді ашқан кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., Ғ.Ә.Тұяқбаев оннан астам кітаптың авторы, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ғалым, ақын Бауыржан Жақып қара өлеңнің құдіретін өзге елдерге мойындатқан талант иесі екендігін, өзіндік өлең өрнегімен дараланған ақынның өлеңдері орыс, беларус, ағылшын, украин, қытай, түрік, македон және қырғыз тілдеріне аударылғанын тілге тиек етті.
Кеш барысында Бауыржан Жақып өзінің қазақ рухының табиғаты мен тағдырына өрілген «Домбыра», «Әжемнің ұршығы», ақынның төлқұжатына айналған «Қолтаңба» өлеңдерін және т.б. жастарды отансүйгіштік, патриоттық сезімге бөлейтін шығармаларын оқып жастарды рухани сусындатты.
Әдеби кеште өлеңге таласы бар шығармашыл жастар да өз туындыларын оқып, ақынның қошеметіне бөленді.
Жиын соңында Б.Ө.Жақыпқа университеттің 80 жылдық мерейтойына арналып шығарылған кітаптар сыйға берілді.

JoomShaper