Ресей ғалымдарымен кездесу өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасында 28 мамыр күні Ресейдің Краснодар қаласынан келген ғалым Г.Л.Зелинский және «Бионоватик» компониясының өкілдері мен жас ғалымдар келді. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Зелинский Григорий Леонидович кафедра оқытушаларымен қатар магистрант, докторанттармен кездесу жүргізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында атақты селекционер ғалым студенттерге күріш саласында семинар сабақ жүргізді. «Бионоватик» компониясының өкілі Назаренке Дарья «Бионоватик» компониясынан шығатын биологиялық препараттардың тиімділігі мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу аяғы сұрақ-жауаппен жалғасып жас ғалымдар және оқытушылар үшін нәтижелі аяқталды.

JoomShaper