Жүйелік менеджменттің халықаралық ережелері бойынша жұмыс істеу - уақыт талабы

2018 жылдың 21-23 мамыр аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін «ISO 9001:2015 халықаралық стандарты негізінде бизнесті басқарудың халықаралық ережелері. Заманауи жағдайдарда кәсіби тұлғаның жеке-дара өсуі» тақырыбына семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларды ISO 9001 қағидаларымен таныстыру.
Семинарды Қазақстандық Сапа менеджменті Академиясының Президенті, профессор, техника ғылымдарының докторы Соловьев Владимир Иванович өткізді.
Үш күн бойына тыңдаушылар жаңа кезеңнің шынайы көріністері - стратегиялық менеджмент, көшбасшылық, тәуекелдерді басқару, персоналдарды басқару бойынша білім алды.
Қорытындысында, жүйе менеджментінің ережелері мен идеологиясын білу түрлі деңгейдегі рыноктарда экономикамыздың бәсекеге қабілеттігін айтарлықтай алға жылжыта алатын ұлттық басымдықтардың бірі болуы тиістігі атап өтілді.

JoomShaper