Ұлттық тәрбие – Рухани жаңғырудың негізі

2018 жылы 18 мамырда Филология, тарих және құқық факультетінде, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа өлкетану жобасын жүзеге асыру мақсатында тарих, археология-этнология мамандықтарының студенттеріне іс-шара өткізілді.

Іс-шараны кафедра меңгерушісі М.С. Қараманова ашты. Іс-шараға кафедра оқытушылары Д.К. Омаров, А.Ж. Асанбаева және Ғ.К. Құланбаева т.б. қатысып, профессор, т.ғ.к. М.Н. Аңсатова «Ұлттық тәрбие – Рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында дәріс оқыды. Баяндамада Елбасы айтқандай, ұлттық кодты сақтау мәселелері, ұлттық санамызды қалыптастыру, жас ұрпаққа білім ғана емес, сапалы тәрбие беруге мән берілді. Ұлттық тәрбие – жас ұрпақты оқытудың қайнар көзі, рухани мұрасы. Сондықтан жастардың санасына ата-баба дәстүрі мен өз халқының тарихын қастерлеуді, ең бастысы – отансүйгіштік қасиеттерді дарыту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Лекция барысында студенттер қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

JoomShaper