«Tабиғат – тіршіліктің нәрі» тақырыбында өлең оқу сайысы

2018 жылдың мамыр айының 17 күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасында Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуын атап өту мақсатындағы «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы айлық шаралар аясында «Табиғат – тіршіліктің нәрі» тақырыбында өлең оқудан сайыс өткізілді.

Сайысқа кафедраның 1-3 курс студенттері қатысты. Өлең оқыған студенттерді бағалау үшін кафедраның оқытушы-профессорларынан құрылған әділ-қазылар алқасы жұмыс жасады, олар: х.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., Н.А. Ахатаев, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Л.А.Жусупова, т.ғ.к., аға оқытушы Аскарова Г.Ш. және ж.ғ.м., оқытушы А.Ж. Шарипова.
Іс-шараны Э-16-1 оқу тобының студенті Сабит Нұрмұхаммед пен ХТН-17-1 оқу тобының студенті Нұртаева Жанна жүргізді. Сайысты ашып беру үшін сөз Инженерлі-экологиялық факультеті деканының орынбасары х.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., Н.А. Ахатаевқа берілді.
Н.А. Ахатаев өлең мен сөздің құдіреті туралы, өлең жаттаудың адамның есте сақтау қабілетін дамытатыны, сонымен қатар рухани байтатыны туралы айтып өтті.
Жүргізушілер қатысушыларды өлең оқуға қойылатын талаптармен таныстырып, іс-шараны бастап берді:
Табиғат жүрекке жылы, көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан, жер, тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына тамсанып, таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Сонымен қатар, жүргізушілер әр студентті, оқитын өлеңінің авторлары мен атауын таныстырып хабарлап отырды.
Сайыс барысында өлең оқуға қатысқан студеттердің ішінде ең жақсылары таңдап алынды. Сайыс нәтижесінде 1 бірінші орын, 2 екінші орын, 2 үшінші орын белгіленді:
Бірінші орын ХТО-17-1 оқу тобының студенті Серікбекова Зарема, Оралхан Бөкей «Алтай туралы»;
Екінші орын Э-17-1 оқу тобы Рзақұл Нұрайым, Мағжан Жұмабаев «Туған жер» және Э-15-1 оқу тобының студенті Оспан Әйгерім, Раздан Ахайдын «Табиғатым – аманатым»;
Үшінші орын ХТН-17-1 оқу тобының студенті Нұртаева Жанна, Мұқағали Мақатаев «Табиғат» және Э-16-1 оқу тобының студенті – Әбжәми Ақерке, Қалқаман Сарин Күзгі көрініс.
Студенттер арасында осындай шараларды жиі өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы іспеттес болды...
Іс-шара соңында кафедраның оқытушы-профессорлары мен қатысушы студенттер естелік суретке түсті.

JoomShaper