«Жасыл аймақ» экологиялық акциясы

2018 жылдың мамыр айының 11 күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуын атап өту мақсатындағы «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы айлық шаралар аясында профессор-оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Жасыл аймақ» тақырыбында акция ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты студенттерді қоршаған ортаны қорғау мақсатында көгалдандырудың маңызын насихаттау және көгалдандыру шарасына тікелей атсалысуға шақыру.
Акция барысында кафедраның профессор-оқытушылары мен студенттері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ның агробиологиялық учаскесіне Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл толуы құрметіне 30 ағаш отырғызды, оның ішінде 15 үйеңкі ағашы мен 15 қарағаш егілді.
«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, х.ғ.к. Н.А.Ахатаев көгалдандыру мақсатындағы акцияны ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру жөнінде ұсыныс айтып, профессор-оқытушылар мен студенттерден қолдау тапты.
Акция барысында «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы ж.ғ.м. жас биолог маман Д.Д.Орынбеков студенттерге қарағаш пен үйеңкі ағаштарының қасиеттері, тұқымдастары және оларды өсірудің тиімді жолдары жөнінде әңгімелеп берді.
Студенттерді көгалдандыру шарасына жұмылдыру мақсатында «Экология», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығынан басқа мамандықтардың да студенттерін жұмылдыру арқылы көгалдандыру шарасын жыл сайын дәстүрге айналдыру көзделіп отыр.

JoomShaper