100 оқулық таныстырылды

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Бірыңғай күні аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің отырысы болып өтті.

Іс-шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды және университет ғалымдары аталмыш кітаптардың маңызына тоқталды.
Университет оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т.Тайман, мәдениеттану ғылымдарының магистрі, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Д.Нарымбаев, дінтану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ә.Б.Жаппасбаев, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ә.С.Нұрымов, аға оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі А.У.Абдразақова, аға оқытушы Ж.Т.Сыдықова, оқытушы Н.Р.Нұрпейсова және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Т.Р.Телеубаев, «Қоғамдық келісім» орталығының бөлім басшысы, саяси ғылымдар кандидаты С.Е.Сахиев аударылған оқулықтарға қатысты пікірлерін білдірді. Пікірлесу барысында «100 жаңа оқулық» жобасына жастардың назарын аудартып, ой-өрісін кеңейту мәселесі сөз болды. Мемлекеттік тілге аударылған кітаптар мен оқу құралдарын халық арасында насихаттау жайы да талқыланды.

JoomShaper