Ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі

4 мамыр 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында «Ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі» тақырыбында көшпелі семинар өтті.

Шараның негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бәсекелік қабілетін арттыру, білімнің салтанат құруы үшін рухани дүниесін байыту мен ұлттық құндылықтар мен тарихи деректерді бойға сіңіру. Сол арқылы Қазақстанның эволюциялық дамуына үлес қосу. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастардың бойына ұлттық рухты сіңіру.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залында тәуелсіздік жылдарында қоғамдық сананың үшінші жаңғыру кезеңдеріне тоқталып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы 6 арнайы жоба бойынша атқарылған жұмыстар мен оның мазмұны таныстырылды.
Көшпелі семинардың келесі отырысы аталған университеттің «Арехология және этнология» ғылыми-зерттеу орталығында жалғасаты. Онда «Қазақстанның киелі» жерлері географиялық картасына енген Сыр өңіріндегі қасиетті орындардың тарихы мен бүгінгі зерттеулерге шолу жасалды. Археологтардың тапқан көне жәдігерлері жайлы құнды деректер талданды.
Семинар барысында «Сыр өңіріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы» жайлы бейнеролик көрсетілді.
Семинарда университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Оразбахов Айтжан Жұмабайұлы, кафедраның аға оқытушысы Жайна Сыдықова және Нұрпейісова Нұрсұлу танымдық дәріс беріп пікір алмасты.

JoomShaper