БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК, ЖАС ДОС!

2018 жылдың мамырдың 4-і күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Экология және химилық технологиялар» кафедрасының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасының экология саласының 30 жыл толуына арналған «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбында өтетін айлық шара аясында ұйымдастырылып отырған «Бәсекеге қабілетті мамандықты таңдай білейік, Жас дос!» атты ашық есік күні өтті.

Ашық есікке Қызылорда қаласы №7 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары мен Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің бітіруші студенттері қатысты. Шараны «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Жусупова Лэйла Ажибаевна ашып берді. Л.А.Жусупова кафедра мамандықтарының заманауи талаптар мен сұраныстарға ие екенін әңгімелеп, мамандық таңдауда бәсекеге қабілеттілікті анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Экология және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Г.Ш. Асқарова кафедраның ашылуы мұндағы мамандықтардың Арал өңірі үшін өзіндік ерекшеліктері туралы әңгімелеп, білімді маман болуда ең басты әрекет адамның өзіне байланысты екенін еске салды. Іс-шара барысында Э-16-1 оқу тобының студенті Н.Сәбит, ХТН-16-1, ХТО-16-1 оқу топтарының студенттері М.Қыдырбай және Д.Серікбаевалар «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында дайындаған презентацияларымен бөлісті. Концерттен соң ашық есікті кафедраның білікті маманы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы химия ғылымдарының кандидаты «Физика-химилық талдау әдістері» инженерлі-бейіндегі зертханасының басшысы Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы мектеп оқушылары мен бітіруші түлектерді зертханамен және зертханада орындалып жатқан жаңашыл ғылыми жұмыстармен таныстырды.

 

JoomShaper