Бірыңғай оқу сағаты өткізілді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Ұ.Байхожаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне «Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбындағы өтетін біріңғай оқу сағатын өткізді.

- Бүгінгі таңда жүйелі реформалардың нәтижесінде меритократия, тиімділік пен қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінініңбірегей моделіқұрылды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде кадрларды тағайындау, даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізіліп, мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы арттырылды,- деді Б.Ұ.Байхожаев Сондай-ақ ол студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіріп, тараптардан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

 

 

JoomShaper