Орыс тілі және әдебиеті пән апталығы

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен сәуір айының 17-24 күндері орыс тілі және әдебиеті пән апталығы өтті. Апталық аясында әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

1) Кәсіби бағдар беру мақсатында қала мектептерінің оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Оқушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 оқу ғимаратымен және университет тарихы мұражайымен таныстырылды. Ғылыми-техникалық кітапхананың бөлім меңгерушісі Доспаева Рахила Төлегенқызы университеттің кітапхана қорында сақталған орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша құнды және сирек кездесетін академиялық еңбектер мен классикалық шығармаларымен таныстырды.
2) Бүкіләлемдік поэзия күніне арналған «Души прекрасные порывы» атты поэтикалық композиция ұйымдастырылды. Ұйымдастыру жұмыстарына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Каратайулы Шакизат та атсалысты. Іс-шараға қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты және естелік сыйлықтармен марапатталды.
3) 20 сәуір күні «Верните власть любви» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке жаратылыстану, филология, тарих және құқық және педагогикалық факультеттердің 1-2 курс студенттері қатысты.
4) Орыс тілі және әдебиеті пәні апталығы қорытындысы есебінде қала және аудан мектептерінің және «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қызылорда қаласындағы филиалының тренері Джансугурова Жайнагуль Дузелхановнаның қатысуымен «Жаңартылған білім беру мазмұнында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
«Педагогикалық шеберлік орталығы» Қызылорда қаласындағы филиалының тренері Джансугурова Жайнагуль Дузелхановнаның «Жаңартылған білім беру мазмұнында тілдік пәндерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында трек баяндама жасады.
Жаңартылған білім беру мазмұнында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелерін талқылауға кафедра оқытушыларымен (Имаханова А.А., Майгельдиева Ж.М., Сарсенова Д.У., Акаева М.А., Есенова П.С., Жарбулова С.Т., Тайбекова Л.С.) қатар мектептердің пән мұғалімдері Сармолдаева А.(№112), Турмаганбетова Г.Д. (№43), Мергалиева Н.С. (№5), Беримбаева Н.П. (№144), Узакбаева А.Т. (№144), Санаубаева Г.М. (№45), Еримбетова К. С. (№ 217), Накышова А.Ж. (№144).
Бұл семинар-тренингте қатысушылардың баяндамалары өзара байланыста және бір-бірін толықтыруымен ерекшеленді.

JoomShaper