Университет студенттері жеңімпаз атанды

Қызылорда қаласындағы «Абылайхан» колледжінде жұмысшы мамандықтарын насихаттау, құрылыс мамандығына жастарды тарту мақсатында «AutoCAD» бағдарламасымен сызудан сайыс өткізілді.

Сайысқа қаламыздың орта және жоғарғы оқу орындарының жасы 22-ге дейінгі білім алушылары қатысты. Сайыс нәтижесінде, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенттері иеленді:
І орын – Стр-15-1 оқу тобының студенті Омаралы Асхат,
ІІ орын – Стр-16-1 оқу тобының студенті Төлен Нұрдәулет,
ІІІ орын – Стр-15-1 оқу тобының студенті Тұрсынқожа Нұрболат.
Құттықтаймыз!

JoomShaper