Еске алу кеші өтті

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессоры, Ардақты Ұстазымыз педагогика ғылымдарының докторы Үсенов Сағидулла Сағынайұлын кафедра көлемінде еске алу кеші өткізілді.

Арамызда болғанда 60 жас мерей тойын тойлаған болар едік. Өкінішке орай, бүгін мерейтойын біздің ортамызда тойлау бақыты бұйырмаған екен. Ардақты әке, ұлағатты ұстазымыздың арамыздан кеткеніне бүгін міне 63 күн болыпты. Бірақ арамыздан кеткеніменен артына өшпес із қалдырып кетті. Сағидулла Сағынайұлы педагогика саласына, оның ішінде болашақ информатик мұғалімдерді, білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосты. Білікті ғалым, ұлағатты ұстаз ретінде ұжымда абырой мен беделге ие болды. Ұстазымыз туралы естелік сөздер айту үшін университетте бірге жұмыс жасасқан оқытушылар, бірге оқыған кластастары, группаластары сөз алды. Ұстазымыздың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің жадында әрдайым сақталады.

JoomShaper