Қорқыт Ата атындығы ҚМУ магистранттарының Республикалық олимпиададағы жеңісі

2018 жылдың 9-11 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы өтті. Аталмыш білім бәйгесіне еліміздегі белгілі 17 жоғары оқу орны қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің командасына жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы, п.ғ.к. Л.С.Каинбаева жетекшілік етті. Оқу ордасының намысын қорғаған команда құрамында М-16-1м(п), Ист-16-1м, ПП-17-1м оқу топтарының магистранттары Көшеков Қ.А., Әзімов Н.Б., Неталиева А.Б., Шанжарханова А.Н., Өтеулі А.Ж. болды. 4 кезең бойынша өзара сайысқа түскен командалар арасынан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың магистранттары жүлделі 3-орын иеленді.

JoomShaper