Маңызды мәселелер талқыланды

2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының қатысуымен ҚХА кафедраларының республикалық ассоциациясының кеңейтілген отырысы болды. Енгізілген сұрақ: «Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы және қоғамдық сананы жаңғырту: синергиялық әсер. ҚХА кафедраларының міндеттері».

Кездесу онлайн түрінде өткізілді. Кездесуді ҚР Президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА кафедраларының республикалық ассоциациясының жетекшісі А. Башмаков жүргізді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Отырысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Ж. Оразбақов пен оқытушылар және түрік және корей этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері де қатысты.

JoomShaper