Спорт бізді біріктіреді

2018 жылдың 24 ақпаны күні «Филология, тарих және құқық» факультеті мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген маңызды бағыттардын насихаттау мақсатында «Филология, тарих және құқық» факультетіне қарасты кафедралардың әйелдер оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырыпта волейболдан жарыс өтті.

Жарысқа «Құқықтану», Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика», Шетел тілдері және аударма» және «Қазақстан тарихы» кафедралары оқытушылары қатысты.
Нәтижесінде жүлделі І орын «Құқықтану» кафедрасына, ІІ орын «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасына және ІІІ орын «Қазақстан тарихы» кафедраларына бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының дипломдары мен Алғыс хаттар табысталды және қатысушыларға факультет декан С.Т. Тайман Алғыс білдіріп, бұндай жарыстар келешекте дәстүрлі түрде жалғасын табатындығын айты.

JoomShaper