«Түйіндемені тиімді толтыру жолдары» тақырыбында тренинг – семинар өткізілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінің бітірушілерімен «Түйіндемені тиімді толтыру жолдары» тақырыбында оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Жұмағұлова Айжан Қанибекқызы және маркетолог Стаева Ақбота Ертайқызы тренинг – семинар өткізді. Жиынға 5В040900 - «Хореография», 5В010600 – «Музыкалық білім» және 5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандықтарының 4 курс студенттері қатысты. Семинардың басты мақсаты студенттерге жұмысқа орналасу үшін түйіндемені қалай нақты және түсінікті жазу, әңгімелесуді қалай жақсы өту керек екендігін түсіндіру болып табылады

 Жиында «Түйіндеме дегеніміз не? Түйіндемені жазу талаптары және түйіндеме құрылымы. Әңгімелесуден қалай сәтті өту керек?» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада, биылғы жас түлектерімізге ЖОО бітіргеннен кейін, толықтай жұмыспен қамтылуы, ол үшін түйіндеменің мағыналы да қысқа жазылу ережелерімен презентация түрінде көрсетіліп, таныстырылды. 
Жиында әр түрлі пікірлер айтылып, студенттер сұрақтар қою арқылы, өздеріне керекті сұрақтарға жауап алды.

JoomShaper