Ғылым қызметкерлері күніне орай дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Қызылорда облысында ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

Қызылорда облысының экономикасы инновациялық жобаларды барынша жылдам жүзеге асыру үшін Мемлекеттік Цифрландыру бағдарламасы аясында «ақылды» технологияларды ендіруге мүдделі. Облыста жасалып жатқан инновациялық сектор өңір экономикасы дамуының негізіне айналатын болады. Экономикалық тиімділікке өндірісті дұрыс ұйымдастыру және ғылым мен техника-технологиялық серпін жетістіктері арқылы қол жеткізуге болады. Яғни, ғылымның дамуы өндіріске қарағанда алда болуы керек.
Айтылғандарды ескеріп, университетте ақпараттық технологиялар, Үлкен Мәліметтер және Жасанды Интеллектпен жұмыс істеуге үйретілген бітірушілер санын арттыруымыз қажет, сонымен қатар, білім алушыларды ғылыми зерттеулер мен стартаптарға белсенді қатыстырып, іргелі және қолданбалы зерттеулердің жаңа бағыттарын қолға алынуда.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар мен ұстаздар құрамы жүзеге асырылып жатқан жобалар мен IT-технологиялар жайында ғылыми-баяндамаларын оқып, қатысушылар арасында өзара пікіралмасу өтті.
Сондай-ақ, ғылым мен білім беруге жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.

JoomShaper