Алғабас ауылының түлектеріне кәсіби бағдар берілді

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының Ак.профессоры, т.ғ.к. Сәтбай Дастан Яхияұлы, тариx ғылымдарының кандидаты, арxеолог Ә.Тәжекеев, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна Шиелі ауданы «Алғабас» ауылында болып, «№157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіби бағдар беру мақсатында 11-сынып бітіруші оқушылармен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, бітіруші түлектердің болашақты мамандықтарын таңдауға көмектесу, қызығушылық сферасын анықтау жұмыстары жасалды.
Кәсіби бағдар беруші топты бастап барған Ак.профессоры, т.ғ.к. Д.Я.Сәтбай жиналғандарды университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, студенттерге берілетін жеңілдіктер, студенттердің әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары жайындағы мәліметтермен таныстырды. Сондай-ақ топ құрамында болған «Филология, тарих және құқық» факультетіне қарасты кафедра өкілдері өз кафедаларының дайындайтын мамандықтарына жеке тоқталып, университеттің халықаралық байланысы жөнінде толыққанды мәлімет беріп, көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді.

JoomShaper