Шеберлік сыныбы арқылы кәсіби бағдар беру

5 сәуір 2018 жылы педагогикалық факультетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасының оқытушылары кафедра меігерушісі Ж.Ж.Смаилова, э.ғ.к З.Д.Тажиева, т.ғ.к Л.К.Шілдебаева, магистрлар А.Т.Жүнісова, Г.Т.Абдіхаймова, Д-14-1 оқу тобының студенті А.Темір Тасбөгет кентінде орналасқан №257 орта мектептің бітіруші түлектерімен кездесті. 

Бұл кездесудің мақсаты – мектеп бітірушілерге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен ондағы даярланатын мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет беріп, жаңа оқу жылындағы жоғары оқу орнына қабылдау ережелерімен таныстыру болды.
Сонымен қатар, кафедра базасында «дизайн» мамандығы студенттерінің даярлаған күзгі пальтолар коллекциясын ала барып, сән көрсетілімінің шеберлік сыныбын өткізді. Кездесуде мектеп бітірушілердің арасынан алынған модельдерді қатыстырып коллекция бұйымдарынан көрсетілім ұйымдастырылды. Кездесу соңында қатысушы 30- дан астам мектеп бітіруші оқушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, қызықты пікір алысуға ұласты.

JoomShaper