Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі

2018 жылғы 5 сәуір күні «Филология, тарих және құқық» факультеті мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбындағы дөңгелек үстөл болып өтті.

Дөңгелек үстөл мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Дөңгелек үстөлді модератор ретінде «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Исаева Жанат Амандыққызы жүргізді.
Дөңгелек үстөлді «Филология, тарих және құқық» факультеті деканының орынбасары, PhD доктор Омаров Даулет Карібайұлы кіріспе сөзімен ашып, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Аңсатова Меруерт Нығметқызы, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедарасының доценті, ф.ғ.к., профессор Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы, «Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының аға оқытушысы Жарбулова Сәуле Трарқызы, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Мамырбаева Махаббат Қазбайқызы және «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының төраймы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Әлия Қалжанқызы баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында өзара өзекті ой бөліскен ұстаздар Елбасы тапсырмаларын тиянақты орындау, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеу басты міндеттері, азаматтық парызы екендіктерін жеткізді. Шара қатысушыларының пайымынша, әлеуметтік жаңғырудың басты элементі технологиялық тұрғыда ойлаудың сапалы деңгейіне көтерілу және заманауи қоғамның талаптарына сай болу болмақ.

JoomShaper