Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2018 жылы 5-6 сәуір аралығында Қарағанды қаласы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен 5В011400-Тарих мамандығы бойынша Х республикалық студенттік пәндік олимпиадасында, университетіміздің «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.к., доценті С.Т. Тайманның жетекшілігімен ИСТ-16-1 оқу тобының студенттері Асауқараева Алтынай мен Әкиева Бағила және ИСТ-17-1 оқу тобының студенттері Жақыпбек Жахангир, Шабетов Дінмұхаммеддин қатысты.

Олимпиада бағдарламасы бойынша 1-ші күні топ мүшелері Қорқыт Ата университетін таныстырды және Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы пәндерінен тестілеуге қатысып жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, «ҰЛЫ ДАЛА АСТАНАЛАРЫ» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, топ мүшесі Асауқараева Алтынай «Ең үздік презентация» номинациясы бойынша марапатталды. Сайыстың 2-ші күнінде қатысушылар интеллектуалдық турына қатысып Жақыпбек Жахангир жеке көрсеткіштері бойынша ІІ орынды жеңіп алды, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің грамотасына ұсынылды. Осылайша университетіміздің «ЯКСАРТ» тобы өте жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есеп бойынша жүлделі ІІ орынды иемденіп қайтты.

JoomShaper