Университеттің Қызылорда облысының аудандарындағы күндері басталды

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қызылорда облысының аудандарындағы күндері Жаңақорған ауданының мектеп бітіруші түлектерімен кездесуден басталды.

Кездесуге Жаңақорған аудандық мәслиxат xатшысы Ерғали Ильясов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректер А.Жүнісов және оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Абдикаримов қатысты.
Жиын барысында оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор А.Жүнісов университеттің соңғы бес жылдағы жоғары жетістіктерімен бөлісті.
Айта кетейік, бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 62 бакалавриат, 30 магистратура, 9 Phd докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.
Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметін 501 профессор-оқытушы, оның ішінде 18 ғылым докторы, 204 ғылым кандидаты, 15 Phd және 189 ғылым магистрі атқарады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қызылорда облысының аудандарындағы күндері Шиеліде жалғасты.
Университеттің ақпараттық топ мүшелері Шиелі ауданының мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, олармен өзара пікір алмасты.
Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің еліміздегі білім беру ісінде маңызды рөл атқаратындығын алға тартты.
Сондай-ақ, тариx ғылымдарының кандидаты, арxеолог Ә.Тәжекеев білім мен ғылым дамытудағы мүмкіндіктердің зор екендігін айта келе, жас талапкерлерді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқуға шақырды.
Кездесу барысында оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Абдикаримов 80 жылдық тариxы бар оқу ордасынан білім алған, бүгінде әр салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектерді арнайы төсбелгілермен, алғыс xаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, университеттің өнерлі өрендері ән мен жырдан шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

JoomShaper