Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында өткен пәндік олимпиададағы жүлделі орындар

2018 ж. 28-29 наурыз аралығында Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» «Кескіндеме», «Станокті графика» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Педагогикалық факультетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасынан 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу», 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша ІІ-ІҮ курстардың студенттері қатысты: «Мүсін» номинациясына бойынша Мадияр Нұрлан, «Кескіндеме» номинациясы бойынша Искакова Гүлжайна, «Сәндік-қолданбалы өнер» бойынша Натиша Ақзер, «Графика» номинациясы бойынша Сагидуллаева Әсем, Газизова Айдана. Оларға жетекшілік еткен және дайындаған кафедраның аға оқытушысы, өнертану магистрі Назаров Ағабек Жеңісбекұлы. Олимпиада нәтижесі бойынша «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясынан жүлделі ІІI орынға Натиша А., «Мүсін» номинациясы бойынша ІІІ орынды Мадияр Н. иеленді, «Кескіндеме» номинациялары бойынша Искакова Г, Газизова А сертификатқа ие болды.

JoomShaper