Түркі әлемінің шырақшысы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және құқық институты «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің шырақшысы» атты онлайн сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты - оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама ғалым Әбу Әл - Фарабидің өмірі мен еңбек жолы жайлы жан-жақты мағлұмат беру. Шығармаларынан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашу.
Сайысқа Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы №44 қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушылары қатысты. Білім бәйгесінде институт директоры Н.С.Құлмырзаев, институт директоры орынбасары А.Жүсіпов, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Л.А.Қазбекова және институт аға эдвайзер-тәлімгері З.Ж.Коржынбаева төрелік етті.
Сайыс 2 кезең бойынша өтті. Бастапқы кезеңде қатысушылар Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы қойылған сауалдарға 2 минут ішінде мүдірмей, толыққанды жауап берді. Ал ақтық кезеңде оқушылар Әбу Насыр Әл-Фарабидің нақыл сөздерінің мағынасын аша отырып, жарысты. Нәтижесінде қазылар алқасы сайысқа белсене қатысқан оқушыларға дипломдар табыстады.

JoomShaper