Кәсіби мерекедегі марапат

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, облысымыздағы өнер иелері мен сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі барысында облыс әкімінің орынбасары С.Ахмет сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамоталары мен Облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі өнер институты "Дәстүрлі музыка өнері" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Наку Мирманов "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталса, аталмыш кафедраның иллюстраторы Сүгірбай Марат облыс әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың Алғыс хатымен марапатталды.

JoomShaper