Кітап-қымбат қазына

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Г.Ш.Асқарова мен аға оқытушы, п.ғ.м. Г.М.Маханова «Кітап – қымбат қазына» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Тәрбие сағаты НД-19-1, ЭЭ-19-1 оқу топтары студенттерінің қатысуымен өтті. Тәрбие сағатына «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының оқытушы-профессорлары, «Мұнай-газ инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.М.Жабағиев, кітапханашы Ж.Бейсенова мен «Электронды ресурстар» бөлімінің меңгерушісі С.Ж. Садуақасова қатысты.
С.Ж.Садуақасова мен Ж.Бейсенова университет сайты арқылы «Рухани жаңғыру. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітапхана қорын пайдалану жөнінде демонстрация көрсетіп, 58 оқулық туралы жалпы ақпарат берді. Оқытушылар мен студенттер кітапхана мамандарына қызықты сауалдар жолдап, мол мағлұматтарға қанықты.
ЭЭ-19-1 оқу тобының студенті Ж.Бақытжан 100 оқулық туралы пікірін айтып, студенттерді өзі оқып жүрген кітаптарды оқуға шақырды.
Іс-шара барысында студенттер кітап туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады және кітап оқудың адам өміріндегі маңызын дәріптейтін бейне-роликтерін көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар кітаптың құндылығы мен адамның қалыптасудағы рөлі, денсаулық үшін пайдасы туралы өз ойларымен бөлісіп, қатысушыларға кітап оқудың өмірлік пайдасы туралы ақпарат берді.

JoomShaper