Әлемнің екінші ұстазы атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі - технологиялық институты «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушылары шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әлемнің екінші ұстазы атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби» атты онлайн тәрбиелік іс - шара ұйымдастырды.

Онлайн шараға экология және табиғатты пайдалану, пайдалы қазбаларды байыту, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары белсене атсалысты.
Оқытушы профессорлар мен білім алушылар Әбу Насыр Әл-Фарабидің "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сынды көптеген философиялық еңбектеріне шолу жасап, өз ойларымен бөлісті.
Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» жайлы трактаты қатысушылар үшін терең де, мағыналы ой қозғады. Іс-шарада «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» көптілді білім беру бағдарламасында білім алатын студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы тарихы туралы мәліметтер мен қысқаша презентациялар жасады.

JoomShaper