«Майданнан хат. Майдан даласында жазылған хаттар Сыр мақамында» атты аудандық жыршы - термешілер байқауы өтті

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Арал аудандық мәдениет орталығы КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Майданнан хат. Майдан даласында жазылған хаттар Сыр мақамында» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Онлайн шара барысында қазылар алқасы қатысушылардың таңдаған туындысының өзектілігіне, мазмұны мен тереңдігіне баса назар аударды. Нәтижесінде бас жүлдені дәстүрлі өнер институтының ТМИ-17-1 оқу тобы студенті Жәнібек Жақсан қанжығасына байлады. 1-орынды дәстүрлі өнер институтының ТМИ-18-1 оқу тобы студенті Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды. 2-орынға дәстүрлі өнер институтының ТМИ-19-1 оқу тобы студенті Аяжан Шынберген мен Ақдана Жанділдаева (Арал қаласы) лайық деп танылды. 3 орын Досымжан Құрманғалиев (Арал қаласы) пен Ақтолқын Баймұратоваға (Аманөткел елді мекені) бұйырды.

JoomShaper