Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы Classroom платформасында «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында онлайн іс-шара ұйымдастырды.

Онлайн іс-шараның мақсаты-білім алушылардың адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, мұрасы туралы білімдерін кеңейту, оның рухани мұрасын насихаттау. Онлайн басқосуда білім алушылар мен профессор оқытушылар Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректерге қанықты. Сондай-ақ студенттерге ағартушының ғылыми еңбектері туралы көптеген мағлұматтар берілді.

JoomShaper