Біз – Ұлы Жеңістің мұрагерлеріміз!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары Д.Б.Нұржанова мен А.А.Ташимованың бастамасымен және БЖ-16-1, БЖ-17-1 және БЖ-18-1у оқу топтары білім алушыларының ұйымдастыруымен Classroom платформасында «Біз – Ұлы Жеңістің мұрагерлеріміз!» тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты: жас ұрпаққа Ұлы Жеңіске жету жолындағы ата-бабалардың ұмытылмас ерлігін дәріптеу. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге шақыру. Туған жерімізді, Отанымызды сүюге тәрбиелеу.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Онлайн іс-шара барысында білім алушылар мен кафедраның профессор- оқытушылары ержүрек батырларымыздың ерен ерліктерін еске алды. Студенттер соғыс жылдарына, жеңіске, ардагерлерге арнап жасаған презентациялары мен бейне-роликтерін көпшілік назарына ұсынды.
Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Себебі біз – Ұлы Жеңістің мұрагерлеріміз!

JoomShaper