«Green ecology and the environment» тақырыбында онлайн вебинар өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі-технологиялық институты «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушылары табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында «Green ecology and the environment» атты онлайн вебинарды «ZOOM» платформасында ұйымдастырды.

Вебинарда ХТО-18-1 оқу тобы студенті А.Серікқұл, Э-18-1 оқу тобы студенттері Н.Абдихамитова, Л.Өтеген, Н.Мұзарай, Э-17-1 оқу тобы студенті Е.Қаппар, ОПИ-19-1 оқу тобы студенттері П.Асқар, Н.Әлайдар және Э-19-2 оқу тобы студенті А.Нұрлан қоршаған ортаның сапасы және ластануы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланысы, қоршаған ортаны қорғау сынды тақырыптарда топ жарып, өз ойларын ортаға салды.
Онлайн вебинар барысында білім алушылар қазіргі нанотехнологиялардың қолданылу аймағы, маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет алды. Вебинар соңында табиғат туралы қанатты сөздер, түрлі суреттер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтылды.

JoomShaper