Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін университет ректорының бастамасымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай кезінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлеріне» теңестірілген қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенов және кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов іргелі оқу орнының кітапханасында қызмет атқарған Ли Эмма Андреевна, физика-математика кафедрасының профессоры Жібек Сәтбаева, ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Нұрымовтың отбасына арнайы барды.
Олар ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпатын табыстады. Тыл ардагерлері университет ұжымына алғысын білдірді. Жылдар бойы еңбек еткен оқу ордасының қашанда құрметіне бөленіп, мереке күндері елеусіз қалмайтындарын жеткізді.

JoomShaper