Университет қызметкерлеріне көмек көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясының "Біз біргеміз!" акциясы аясында қайырымдылық шаралар жалғасуда.

Университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазыбай Құдайбергенов, университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов университет құрамындағы институттар мен бөлімдердің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп университеттегі 20 оқытушы-қызметкердің отбасына азық-түлік қоржынын жеткізіп берді.

JoomShaper